Василий Ломаченко үш салмақта әлем чемпионы атанды

3

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко үш салмақ бойынша әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хорхе Линарес техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Ломаченко венесуэлалық қарсыласын 10 раундтан асырмады. Осылайша Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, Василий Ломаченко шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуде жеңіске жетсе, Хорхе 44 жекпе-жек өткізіп, тек 3 рет қана жеңіліске ұшыраған. Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Ал Линарес Мерсито Гестаны төрешілер шешімі бойынша ұтқан.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз