Жас балуанымыз Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

4

Абдіәзім Қарабаев Өзбекстанда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Абдіәзім Қарабаев Өзбекстан астанасы Ташкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен жарыс жеңімпазы атанды. 65 келіде белдескен балуанымыз Иран және Қытай елінің балуандарын ұтып, финалға шықты. Ал ақтық белдесуде қырғыз балуаны Бақдәулет Егембердиевті айқын басымыдылықпен ұтып, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтында салды. 

Айта кетейік, Ташкенттегі дода жас балуандарымыз жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды. Жарыстың алғашқы күнінде Дінмұхамед Қошқар (55 келіде)  чемпион атанса, Исхар Курбаев (48 келі) күміс, Мақсат Ерманов (45 келі) пен Вэйсал Эюбов (71 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз