Дәурен Елеусінов америкалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді

3

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Дәурен кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Отандасымыз америкалық Джован Джонға(2-4-1) қарсы жекпе-жек өткізеді. 4 раундқа жоспарланға кездесу ертең АҚШ-тың Стоун Маунтэйн қаласында өтеді.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте қарсыласымен тең түскен. Ол соңғы кездесуінде америкалық Леонель Хименезті нокаутпен жеңген еді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз