Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері ММА спортындағы алғашқы кездесуін өткізеді

3

Рио Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс медаль еншілеген армениялық Мигран Арутюнян ММА спортындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио төрінде грек-рим күресінен 66 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген Мигран аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін 19 мамыр күні өткізеді. Армениялық спортшы Ростов-на-Дону қаласында өтетін Fight Nights Global 87 турнирінде сынға түседі. Ол алғашқы жекпе-жегінде ирандық Али Юсефимен (6-3) кездеседі. Кездесу 65,8 келі  салмақ дәрежесінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасының финалында армениялық балуанды төрешілер сербиялық Дафор Штефанекке жығып берген еді. Көпшілік қауымның наразылығын тудырған бұл жайтқа жанкүйерлер Біріккен күрес ұйымына әділетсіздік жайлы ашық хат жолдаған

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз