Оскар де ла Хойя: Линарестің Ломаченконы жеңетініне сенімдімін

3

Golden Boy Promotions компаниясының директоры Оскар де ла Хойя Линарестің жеңіске жететініне сенімді екенін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

Оскар де ла Хойя Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) мен Хорхе Линарес (44-3, 27 КО) арасындағы жекпе-жекте венесуалық былғары қолғап шеберінің жеңіске жететінін айтты.

– Хорхе жеңіл салмақтағы ең үздік боксшы екенін әлемге дәлелдеп, үздіктердің мысын басқан. Бірақ бұл жеңіс оны жаңа деңгейге шығарар еді. Иә,біз Ломаченконы әлемдегі ең үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі деп білеміз. Алайда ол Линарес сияқты спортшымен қолғап түйістірген жоқ. Хорхенің белбеуін сақтап қалатынына сенімдімін», – деді Оскар.

Айта кетейік, Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарес 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз