Шүменов Астанада түріктің боксшымен қолғап түйістіреді

4

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов екі жылдық үзілістен соң өткізетін жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы ВoxingScene сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жекте Хизни Алтункаямен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 7 шілде күні Астана қаласында өтеді.

Хизни Алтункая. Түрік боксшысы (30-1, 17 КО)

Бейбіт Шүменов соңғы кездесуін 2016 жылдың 21 мамыр күні америкалық Джуниор Энтони Райтқа қарсы өткізген. Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсіп, бірінші орта салмақтағы WBA чемпиондық белбеуін иемденді. 

Шүменов кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, 17 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Бейбіт 2017 жылдың маусым айында жарақатына байланысты мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Араға екі жыл салып, жарақатынан толық айыққан ол кәсіпқой боксқа қайта оралды.

Түркиялық боксшы Хизни Алтункая мансабында 31 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның отызында жеңіске жетсе, біреуінде ұтылған.

Қазіргі таңда отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 2 орында тұр. Ал оның қарсыласы Хизни Алтункая үздік үшікті түйіндейді. Көш басында уақытша чемпиондық белбеудің иегері Арсен Гуламирян орналасқан.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз