Ломаченко мен Линарес көз арбасты

2

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко мен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хорхе Линарес жекпе-жек алдында көз арбасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарес көз арбасып, баспасөз маслихатын өткізді. Қос спортшы 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, Василий Ломаченко шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуде жеңіске жетсе, Хорхе 44 жекпе-жек өткізіп, тек 3 рет қана жеңіліске ұшыраған. Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Ал Линарес Мерсито Гестаны төрешілер шешімі бойынша ұтқан.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз