Игорь Свечников: Турнирде болған УЕФА өкілдері бірнеше футболшының ойынын атап өтті

2

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Игорь Свечников «УЕФА Даму Кубогы» халықаралық турнирін қорытындылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— УЕФА-ның қолдауымен «Даму Кубогы» жыл сайын ұйымдастырылады, — дейді Игорь Геннадьевич. – Биыл турнирге 2002 жылғы футболшылар қатысты. «Даму Кубогы» ережесі бойынша жарысқа келген барлық футболшы кем дегенде 80 минуттан ойнауы тиіс. Біздің қарсыластарымыз Румыния, Грузия және Беларусь құрамалары болды. Жаттықтырушылар штабының міндеті – футболшылардың дайындығын қарау, өзара түсіністігін тексеру, қай позицияны нығайту қажет екенін анықтау. Мықты қарсыластарға қарсы тұру арқылы қай бағытта жұмыс істеу қажет екенін түсіндік.

— Қарсыластармен салыстырған біздің футболшылардың деңгейі қандай?

— Техника мен физика жағынан қарсыласқа есе жібереміз. Оны бірден байқаға болады. Футбол орталықтары доппен жұмыс істеу және жылдам ойлау бағытында жұмысты жақсарта түскені абзал. Екі қарсыластың құрамындағы ойыншылар өзге елдерде ойнайды. Мысалы, Румыния құрамасының 10 футболшысы Еуропаның мықты чемпионаттарында доп тебеді. Грузия құрамасында 7-8 футболшы шетелде ойнайды. Беларусь құрамасы бір мектептен құралған. Олар да біздің құрамадан басым түсті.

— Біздің құраманың сапында алдағы уақытта көзге түсетін футболшылар бар ма?

— Турнирде болған УЕФА өкілдері бірнеше футболшының ойынын атап өтті. Біздің футболшылар әлі де жоғары деңгейде ойнауы тиіс. Бізде «Қайрат» және «Оңтүстік» академиясының ойыншылары жақсы дайындалған. Құраманың үміткерлері ішкі біріншілікте үздік атанғанымен, еуропалық аренада шеберлік жетіспей жатады. Халықаралық турнирге қатысу мүмкіндігін ұсынғаны үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысымызды айтамыз, — деді ол ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз