Томасов «Астана» сапындағы оныншы голын соқты 

4

«Астана» Премьер-Лиганың 9-шы туры аясында өз алаңында «Қызыл-Жар» командасынан басым түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Петропавлдық команда қақпасына соғылған жеңіс голының авторы жартылай қорғаушы Марин Томасов, «Астана» командасы жейдесіндегі 10-шы голын өз еншісіне жазды. 

Томасов «Қызыл-Жар СҚ» командасына дейін, португалиялық «Спортинг» (екі рет), чехиялық «Славия», алматылық «Қайрат» (екі рет), оралдық «Ақжайық», павлодарлық «Ертіс» және «Атырау» (екі рет) командалары қақпаларына гол соққан. 

Томасов соңғы батыс-қазақстандықтардың қақпасына 13 мамыр күні тағы да гол соға алады. Дәл осы күні елордалық команда Премьер-Лиганың 10-шы туры аясында сырт алаңда «Атырауға» қарсы кездесу өткізеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз