Жас балуанымыз Азия чемпионатында топ жарды

4

Дінмұxмед Қошқар Өзбекстанда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz
порталы.

Дінмұxамед Қошқар Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде топ жарды. 55 келіде белдескен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық айқаста жергілікті өзбек балуаны Амирбек Султоновты сан соқтырып кетті.

Айта кетейік, сондай-ақ алтын жүлдеге таласқан Исхар Құрбаев финалда ирандық балуан Сажад Жавидке есе жіберді.

 

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз