Аршавин — «Сәуір айының үздік футболшысы» атанды

2

Алматылық «Қайраттың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Премьер-лиганың 9-турында «Ордабасымен» болған ойынның алдында «Сәуір айының үздік футболшысы» жүлдесін алды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Құрмет наградасын Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев табыстады. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының сәуір айындағы ең үздік бапкер мен футболшыны дауыс беру арқылы анықтаған болады.

Премьер-лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша Андрей Аршавин ең көп дауыс жинады.

Андрей Аршавин сәуір айында алматылық ұжымның барлық төрт кездесуіне қатысып, шешуші рөл атқарды. Футболшы үш рет гол соғып, үш рет нәтижелі пастың авторы атанды.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз