Қазақстандық жас хоккейшіні америкалық клуб драфтта таңдады

2

Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасының шабуылшысы Владислав Сайконы АҚШ хоккей лигасының драфтында «Де-Мойн Баккэнирс» клубы таңдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда 17 жастағы спортшы «Астана» және «Құлагер» командаларының құрамында Қазақстан чемпионатында 36 кездесу өткізіп 4 шайба соғып, 5 рет нәтижелі пас шығарған. Ригада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 кездесуге қатысып, екі шайба соғып, бір рет нәтижелі пас шығарған. Бұған дейін Сатпаев қаласының «Қазақмыс» командасының тәрбиеленушісі Финляндияда ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік АҚШ хоккей лигасында Астана қаласының тәрбиеленушісі Кирилл Панюков өнер көрсетеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз