Ресми: Ковалев — Альварес жекпе-жегі тамыз айында өтеді

4

Жартылай ауыр салмақтағы  WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ToFight сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев келесі кездесуін колумбиялық боксшы Элейдер Альвареске қарсы өткізетін болды. Кездесу 4 тамыз күні Атлантик-Сити қаласында өтеді деп жоспарланған. 

Элейдер Альварес — кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, оның бірде-біреуінде жеңіліс таппаған. Оған қоса, 11 кездесуін уақытанан бұрын аяқтаған. Ал Сергей Ковалевтің қоржынында 35 жекпе-жек бар. Оның 32-сінде ресейлік боксшы жеңіске жетсе, екеуінде ұтылып қалған. Бір кездесуінде төрешілер тең аяқталды деп шешкен. 35 жастағы боксшы соңғы жекпе-жегін 3 наурыз күні өзіңіз отандасы Игорь Михалкинге қарсы өткізіп, 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Элейдер Альвареске қарсы 4 тамыз күні өтетін жекпе-жекте Сергей Ковалев жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз