Самбодан Азия біріншілігінде 65 спортшымыз ел намысын қорғайды

4

11-14 мамыр аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында самбодан Азия чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ел намысын самбодан Қазақстан құрамасының 65 мүшесі қорғайды. Қазақстан құрамасының жігіттері турнирдің фавориттері саналады. Ташкентте өткен былтырғы турнирде біздің спортшылар 22 алтын медаль иеленді.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді. Бірінші орын 24 алтын медальмен Өзбекстан құрамасы иеленген болатын. Дәстүрлі түрде Азия Чемпионатына Азияның 25 елінен 400 самбошы қатысады.

Осы жылы Қазақстан құрамасы өткен жылғы нәтижесін жақсартуды көздеп отыр. Турнирдің тікелей көрсетілімін Халықаралық Самбо Федерациясы (FIAS) сайтынан көруге болады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз