Қос балуанымыз Азия чемпионатының финалына шықты

3

Өзбекстанда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына қос спортшымыз жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күнінде бозкілемге шыққан балуандарымыздың ішінен Исхар Кұрбаев пен Дінмұхамед Қошқар ақтық сынға жолдама алды. 48 келіде белдескен Кұрбаев жартылай финалда жапон балуанын сан соқтырса, 55 келідегі Дінмұхамед қырғыз Бекболсун Тургумбековтың жолын бөгеді.  

Айта кетейік, Исхар Құрбаев финалда ирандық балуанмен күреседі. Ал Дінмұхамед өзбекстандық Амирбек Солтоновпен кездеседі.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз