Головкин мен Мартиросян көз арбасты

3

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 KO) 5 мамыр күні өтетін жекпе-жек алдында көз арбасып, баспасөз мәслихатын өткізді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Калифорния штатындағы Карсон қаласында орналасқан StubHub Center аренасында өтеді. Кездесуде Головкин WBA, WBC және IBO чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады. Бұдан бөлек, қос боксшы WBC Синко де Майо мейрамына арнайы жасаған белбеуін сарапқа салады. Негізі, әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз