Дәурен Нұралинов «Алматы барысы» атанды

9

Дәурен Нұралинов қазақ күресінен «Алматы барысы» қалалық турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу аясында өткен «Алматы барысы» турнирі өз мәресіне жетті. Алматы қаласының балуандары сынға түскен додада Дәурен Нұралинов қарсыластарын қоғадай жапырып, «Қазақстан барысы» жарысына жолдама алды. Ол финалда былтырғы «Алматы барысы» Руслан Әбдіразақовты сан соқтырып кетті. Сөйтіп, «Алматы барысы» атанған Дәуренге «Лада гранта» көлігінің кілті табысталды. Ал күмісті місе тұтқан Руслан 300 мың теңгеге ие болса, үшінші орын алған Жайдар Сайлаубаев 100 мың теңгені еншіледі.

Айта кетейік, өткен жылы дәл осы сында Дәурен Нұралинов пен Руслан Әбдіразақов финалда жолыққан болатын. Ол кезде Әбдіразақов қарсыласынан басым түскен еді. 

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз