Чемпиондық шеру. Барселона көшелерінде үлкен той

8

Күні кеше каталондық «Барселона» Испания Примерасының 35 турында «Депортивоны» ұтып, уақытынан бұрын чемпион атанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазіргі уақытта Барселонаның көшелерінде — той. Каталондық жанкүйерлер Ла Лига мен Испания Кубогындағы жеңістерін тойлап, чемпиондық шеру ұйымдастырды.

«Барселона» сырт алаңда «Депортиводан» 4:2 есебімен басым түсті. Каталондық клубтың сапынан Лионель Месси хет-трик жасаса, төртінші голды Филиппе Коутиньо соқты. Ал алаң иелері сапынан Лукас Перес пен Эмре Чолак жауап қайтарды.

Каталондық клуб 35 турдан кейін 86 ұпаймен чемпион атанды. Олар екінші орында келе жатқан мадридтік «Атлетикодан» 11 ұпайға озып кетті. 

«Барселона» өзінің тарихында 25-ші мәрте Испания чемпионатын жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жағынан каталондық клуб тек мадридтік «Реалға» қалы отыр. «Королдік» команда ішкі біріншілікте 33 рет топ жарған.  

Сондай-ақ, бұл Андрес Иньестаның Каталониядағы соңғы чемпиондық шеруі. Себебі, Иньеста жуырда «Барселонадан» кететін мәлімдеген болатын. Чемпиондар отырған автобустың артқы жағына «Иньеста мәңгілік» деген жазу жазылған.

Каталондық клубқа жаңадан ауысып келген Коутиньо үшін бұл алғашқы ірі деңгейдегі жүлде.

 

Фото: Gettyimages.ru/David Ramos (1,2,6-8); instagram.com/fcbarcelonaREUTERS/Albert Gea (4,5,9); twitter.com/fcbarcelona (10,13), twitter.com/andresiniesta8 (11,12)

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз