Ержан Залилов даңқты боксшымен жолықты

2

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ержан Залилов Бильбао қаласында төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Роберто Дюранмен кездесті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Даңқты боксшымен бірге түскен фотосын Ержан Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Залилов встретился с легендой бокса в Испании

Еске сала кетсек, Ержан Залилов Испанияның Бильбао қаласында өткен жекпе-жегінде румындық Ионут Балутеге есе жіберіп, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Айта кетуі керек, қазақстандық боксшы сегіз раундтың соңғы екеуін жарақатпен өткізді. Жекпе-жек барысында Ержан оң қолын жарақаттап алған.

Бұған дейін қазақстандық боксшы шаршы алаңда 10 кездесу өткізіп, 1 рет тең нәтиже көрсетіп, қалған жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын. Соңғы кездесуін Алматы Арена спорт кешенінде Айдын Елжановқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз