Студент жастар Жолдауға қолдау білдірді

4

«К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» студеттеріне 17-cәуір күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәріс оқылды.

Дәріс еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін қабылданған жоспарлар мен атқарылған істерді қысқаша шолудан басталып, жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Колледж студенттері «спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігін алып шығатындықтан, білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерге баса назар аударып, әрбір оқу сатысын жекелей талқылады. Жолдауды талқылау барысында адам капиталына тоқтала келіп, «Қазақстан Республикасының көк туын желбіретіп, әнұранын асқақтататын да, дені сау ұлт тәрбиелейтін де жастар, спортшылар мен болашақ жаттықтырушылар екендігіне мән беріліп, Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алдымызға қойған 10 міндетті шешуге ат салысулары керектігі баса айтылды.

Сондай-ақ, 10 міндеттердін біріне кірген, жемқорлық және жемқорлықпен күрес жолдары да талқыланды.

Айнұр
АСЫЛБЕКОВА
«К.Ахметов атындағы ОРРММИК» әдіскері

Дереккөз: SortPress.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз