WBC Головкин-Мартиросян жекпе-жегі үшін арнайы белбеу дайындады

5

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жегі үшін дайындаған арнайы белбеуін таныстырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Wbcboxing.com сайтына сілтеме жасап. 

WBC тұжырымы орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы 5 мамыр күні  өтетін жекпе-жекке арнайы белбеу дайындады. Қос спортшы сарапқа салатын белбеу Мексика елінде таныстырылды. Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте де WBC тұжырымы арнайы белбеу дайындаған болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешешінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

 

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз