Данияр Елеусінов Америкада ашық жаттығу өткізді

8

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында АҚШ елінде ашық жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалық Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) өткізетін жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Данияр 28 сәуір күні Бруклинде өтетін Джейкобс  Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсетеді. Отандасымыз бірінші жартылай орта салмақта  6 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізеді. Сондай-ақ бұл кеште Димаш Ниязов та мексикалық спортшы Ангел Саринанаға  (7-7-2, 3 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз