Қазақстан дзюдо федерациясы жапониялық маманмен келісім-шартқа отырды

22

Қазақстан дзюдо федерациясы жапониялық маманмен келісім шартқа отырды

Бүгін Алматыдағы «Халық – Арена» спорт сарайында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогының баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз-конференциясына Халықаралық дзюдо федерациясының спорт жөніндегі директоры, Азия дзюдо одағының вице президенті, Олимпиада ойындарының жүлдегері Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының төрешілер комиссиясының мүшесі Мун Вон Бае, Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті Асхат Житкеев, Қазақстан Дзюдо федерациясының рефери директоры Мұхсин Нұртазин, Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының орталығының директоры Мұратбек Қыпшақбаев қатысты.  Халықаралық дзюдо федераиясының күнтізбесіне сәйкес өткзілгелі отырған турнирдің құрметті қонағы Армен Багдасаров Қазақстандағы дзюдоның дамуын жоғары бағалады.

Баспасөз конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясы және Астана қаласындағы «Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының орталығы мен жапониялық бапкер арасында бір олимпиадалық кезеңге үш жақты келісім шартқа отырады. Үш жақты келісім шарт негізінде жапониялық маман Шинтаро Чихаро Қазақстан ұлттық жастар және жасөспірімдер ұлттық құрамасының кеңесші бапкер қызметіне кіріседі. 

Шинтаро Чихаро 1981 жылы Жапонияда туылған. Дзюдодан 5 дан иегері. Токиодағы Кокушикан университетінің түлегі. Жапония халықаралық ынтымақтсатық агенттігінің жолдауымен 2011-2013 жылдар аралығында Бангладеш қлттық құрамасының бас бапкері, 2013 жылы 9 ай Мьянма құрамасының бас бапкері, 2014-2017 жылдар аралығында Қытайда ауыр атлетика және спорттық күрес орталығында бас бапкер қызметін атқарған. 

Естеріңізге сала кетсек, 21-22 сәуір күндері Алматыда дзюдодан жастар арасында Азия Кубогы өтеді. Жарыс кестесі келесідей болмақ:

21 cәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -55 кг, -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -44 кг, – 48 кг, – 52 кг, -57 кг;

22 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

 

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз