Вахид Масудов: Ойлана келіп, командадан кету туралы шешім қабылдадым

2

Отандық маман Вахид Масудов «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

«Ойлана келіп, командадан кету туралы шешімді қабылдадым. Соңғы ойындарда біздің команда сәтсіз өнер көрсетіп жүрді. Дегенмен алғашқы төрт турда кілең мықты командаларға қарсы ойнайтынымызды талай айттым. Оның үстіне үшеуін сырт алаңда өткіздік. Бірақ, өкінішке қарай, нәтижелері көңіл көншітпеді. Командаға психологиялық тұрғыдан жігер беретін кез келді. «Тобылға» қарсы ойыннан соң орнымнан босату туралы өтініш жаздым. Командаға, әкімшілік құрамға, футболшыларға және жанкүйерлеріме алғысымды айтқым келеді», — деді Вахид Масудов «Атырау» клубының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Вахид Масудовтың қол астында «Атырау» командасы осы маусымда төрт ойын өткізіп, барлығында жеңіліс тапты. Қазіргі таңда «Атырау» турнир кестесінде соңғы орында келеді.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз