Нұрбақыт Теңізбаев пен Ербол Қоңыратов жас балуандарға шеберлік сабағын өткізді

6

Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбев пен Азия чемпионы Ербол Қоңыратов жас балуандарға арналған шеберлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Даңқты балуандар Талдықорған қаласында жас балуандар үшін арнайы шеберлік сабағын өткізіп, бозкілемдегі тәжірибелерімен бөлісті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шарада алдымен Нұрбақыт Теңізбаев жас балуандарға өзінің сүйікті әдісінің қыр-сырын айтып, жас балуандарға қалай істеу керек екенін үйретті. Ал Азия чемпионы Ербол Қоңыратов төрттағанда қалай қорғану керек, қандай әдістерді жасаған оңайырақ болатынын айтты. Шеберлік сабағы аяқталған соң, «Жастар» спорт сарайына жиналған жас балуандар даңқты балуандармен суретке түсіп, арнайы қолтаңба қойылған плакаттарға ие болды.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз