Жалғас Жұмағұлов пен Тайсон Нэм ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

17

Қазақстанық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов пен Тайсон Нэм Fight Nights Global 86 турнирі аясында өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде сынға түсетін Жалғас Жұмағұлов пен америкалық Тайсон Нэм (16-8-1) ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Қос спортшы да 61 келіні көрсетті. Сондай-ақ бұл турнирде сынға түсетін барлық спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз