Жадыра Әміртаева Тбилиси Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады

7

Жадыра Әміртаев Тбилиси қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола жүлде үшін белдесетін болады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін Грузияның астанасы Тбилиси қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі ел намысын қорғаған Жадыра Әміртаева қола жүлдеге таласады. 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда польшалық Каролина Пиенковскаядан басым түссе, екінші белдесуінде тәжірибелі Гулбадан Бабамуратовадан айласын асырып кетті. Дегенмен жартылай финалда атақты балуан Амандин Бучардқа есе жіберді. Енді Жадыра қола жүлде үшін Словения елінің өкілі Анья Стангарға қарсы белдеседі. Өкінішке қарай, қалған спортшылар жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, аталмыш жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 21 дзюдошы қатысады.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз