Мұса Тұрсынғалиевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

6

Қазақстанық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиевтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Мұса Тұрсынғалиевтың кезекті жекпе-жегі 23 наурыз күні өтеді. АҚШ-тың Флорида штатында өтетін бокс кешінде сынға түсетін отандасымыздың қарсыласы доминикалық Луис Хиножос (31-13, 18КО) болады. Сондай-ақ бұл кеште Иван Дычкода (4-0, 4КО) өнер көрсететін болады. Отандасымыз америкалық Стивен Кирнонға (2-0, 1 КО) қарсы кездесу өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған болатын. Мұса небәрі екі аптада 6 жекпе-жек өткізіп, 5 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз