Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында өнер көрсетеді

11

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Италияда өтетін әлем чемпионатында бағын сынайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Италияның Милан қаласында өтетін байрақты бәсекеде отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева да сынға түседі. 21-24 наурыз аралығында жалауын көтеретін додаға әлемнің ең үздік спортшылары бақ сынап, әлем чемпионы атағына таласатын болады. Сондай-ақ бұл жарысқа Абзал Рақымғалиев та қатысатын болады.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарының да қола медалін еншілеген болатын 

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз