Станимир Стоилов: Ел алдындағы жауапкершілікті жақсы түсінеміз!

9

Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоиловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында бас бапкер ойыншыларды қалай таңдағанын айтып, алдағы ойындарда алға қойған міндеттерімен бөлісті, — деп хабарлайды Qsport.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Өте ауыр әрі ұзақ жолды бастағалы тұрмыз. Ұлттық құраманың рейтингтегі қазіргі көрсеткішіне ешкімнің көңілі толмайды. Осы олқылықты түзету керек. Сол себепті Ұлттық құраманың ойынына өзгеріс енгіземіз. Осыған дейін қорғаныста ойнап келген команда Ұлттар Лигасында шабуылда ойнауы тиіс. Бізді Венгрия және Болгариямен ойын күтіп тұр. Сол ойындарда Қазақстан құрамасының мүмкіндігін байқаймыз. Әзірге маусым айында болатын жолдастық кездесулердің қарсыластары анықталған жоқ. Барлығын өзгертіп, кәсіпқойлық жолдан бастау керек. Өйткені, ұйымдастыру жұмыстарында мәселелер бар. Федерация президенті мен бас хатшысы біздің дұрыс жолды ұстанғанымызды түсінеді. Футболшылар үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Содан соң олардан жақсы ойынды талап ете аламыз. Әрине, бұл қиынға түсуі ықтимал. Алайда, біздің ұстанған жолымыз ерте ме, кеш пе жеңіс әкелері анық. Премьер-лиганың екі турының барлық ойынын қарап үлгердік. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының ойыншыларының деңгейі төмен. Бірде бір футболшы ең жоғары қалпында емес. Екі ай жаттыққан футболшы қалыпқа келе алады деп ойлаймын. Сол себепті ойыншылар максималды көрсеткіш талап етіледі. Тізімде «Астана» мен «Қайрат» футболшыларының көптігі барлығын ойландырады. Алайда, олар жоғары деңгейде ойнай алатындарын дәлелдеді. Маған үлкен тапсырмаларды орындай алатын футболшылар керек. Өкінішке қарай, үші ойыншы жарақатына байланысты жиынға қатыса алмайды. Сонымен қатар, болашағынан зор үміт күттіретін жас футболшыларды шақырдық. Оларға еуропалық футболдың деңгейін көрсетеміз. Алайда, олар өздеріне берілген мүмкіндікті құр жібермеуі тиіс. Тоғыз айдан кейін Ұлттар Лигасы басталады. Үшінші кәрзеңкеде болғандықтан топтың фавориті емеспіз. Алға қойылған міндет – топтан бірінші орынмен шығу. Басты қарсыластар Грузия мен Латвия. Талап арқылы жеңіске жете аламыз. Сол талап орындалмаса, біз әрі қарай жеңіле береміз. Қазақстан соңғы рет ресми ойында 2015 жылы жеңіске жетті. Бұл футболда ұзақ уақыт. Ұлттық құраманы дамыту үшін көп уақыт қажет. Алғашқы турлардағы ойыншылардың ойыны көңілімнен шықпады.  Сондықтан футболшыларды салмақты әңгіме күтіп тұр.

— Жасы үлкен үш қақпашыны шақырдыңыз. Олардың болашағынан үміт күтуге болады деп санайсыз ба? Эрич – 35 жаста, Мокин – 36 жаста.

— Футболшылардың төлқұжатына қарамаймын. Футбол жасқа қарамайды. Маған менің талабымды орындайтын футболшылар қажет. Қазіргі уақытта Эрич, Мокин және Плотниковтен артық мықты қақпашы көріп тұрған жоқпын. Олар жоғары еуропалық деңдейде ойнай алатындарын дәлелдеді. Мен өзіме жау емеспін. Мықты қақпашылар болса, құрамаға шақырар едім.

— Венгрия және Болгария құрамаларымен ойнаймыз. Қарсыластарға таңдау неліктен түсті?  

— Еуропаның құрамаларына қарсы команданың шабуылда және қорғаныста қалай ойнайтын көргім келеді. Нәтиже маңызды емес. Біздің құраманың дұрыс футбол ойнай алуы маңызды. Қарсыласты таңдауға қатысты сауал ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Маусымдағы қарсыластар әлі белгіленген жоқ. Сол себепті қай елмен келісімге келіп үлгереміз, сол елмен ойнаймыз. Мен Ұлттар Лигасындағы қарсыластардың деңгейіне сәйкес келетін командаларды таңдар едім. Екінші жағынан мықты қарсыластармен күш сынасамыз. Көңілім толады. Біздің ойыншылардың шеберлігін байқаймыз.

— Премьер-лигадағы алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша өзгерістер бола ма?

— Болмайды, тек Дмитрий Мирошниченконы шақырдық. Виза мәселесі бар. Сол себепті басқа ойыншыларды шақыра алмаймыз. Зайнутдинов, Перцух, Сейдахмет және Парагульгов сынды жас футболшылар мүмкіндік алады. Олар ұлттық құрамадағы алғашқы қадамын бастамақ.

— Алдағы матчтар Ұлттар Лигасында негізгі құрамда ойнайтын 11 футболшыны анықтауға көмектеседі деп айтуға бола ма?

— Жиынға 24 футболшы шақырылған еді. Алайда, жарақаттарға байланысты өзгеріс енгізілді. 22 ойыншы Венгрияға барады. Біздің тізім шамамен 30 футболшыдан тұрмақ. Тізімнен бөлек жақсы ойнап жатқан футболшыны құрамаға қуана шақырамыз. Менің жақсы көретін ойыншыларым жоқ. Маған нәтижеге жете алатын футболшы керек. Клуб жаттықтырушылармен байланыста боламыз. Олардың кеңесі бойынша өзін көрсете алған футболшыларды қадағалаймыз.

— Ұлттық құраманың капитаны кім болмақ?

— Матч алдында капитанды өзім тағайындаймын. Мен үшін капитанның немесе көшбасшының кім болатыны маңызды емес. Команда маңызды!

— Бауыржан Исламхан құраманың көшбасшысы болуға лайықты ма?

— Оның таланты бар. Қорғаныстағы ойынын өзгерту керек деп санаймын. Сонымен қатар, шабуылды түйіндейтін ойыншы атану үшін көп жұмыс істеу керек. Осының барлығын орынадй алса, онда Еуропа деңгейіндегі үздік ойыншы атана алады. Оның бойында көптеген еуропалық ойыншыларға жетіспейтін жақсы қасиеттер бар. Бауыржанға көмектесуге тырысамыз.

— Ұлттық құраманың басты мәселелерінің бірі – шабуылшылар. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

— Екі негізгі шабуылшы бар. Щеткин және Хижниченко.  Бұл позицияда ойнай алатын Муртазаев бар. Біздің мәселелі тұстарымыз тек шабуыл деп ойламаймын. Ұзақ уақыт орталық қорғаныстың беріктігіне жауап берген Логвиненко жоқ. Шешімін күтіп тұрған мәселер көп.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз