QAZAQ promotions әйгілі TOP RANK промоутерлік компаниясымен серіктестік орнатты

8

Қанат Ислам атақты промоутер Боб Аруммен жүздесіп, QAZAQ promotions пен TOP RANK промоутерлік компаниясымен серіктестік орнатты деп хабарлайды, — Qsport.kz порталы

Қанат Исламның Боб Арумға шапан шабу сәті

Бұл туралы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан сайтымыздың тілшісіне айтып берді. «Қанат Ислам Эгис Климас үшеуміз Бом Арумның үйіне қонаққа бардық. Дастархан басында отырып, екі сағаттай әңгімелестік. Боб мырзаға Қазақстандағы бокс пен оған халықтың қызығушылығы туралы, екі бірдей кәсіпқой бокс кешін өткізгенімізді, оған 15 мыңнан жанкүйер келгенін, тікелей эфирден 4 млн-ға жуық адам тамашалағанын, тек Қазақстанда емес, Америкада да шоу өткізуде тәжірибеміз барын, бокс кешін жарнамалаудағы мүмкіндіктерімізді айтық. Қатты қызықты. Біздің командамен серіктестік орнатуға, Қазақстанда үлкен шоуларды бірігіп өткізуге дайын екенін айтты. Әрине, дәстүр бойынша құрметті ақсақалға шапан жауып қазақы құрметімізді көрсеттік.» — деді Берік Сұлтан.

Берік Сұлтан Боб Аруммен бірге

Роберт «Боб» Арум — америкалық заңгер, промоутер және белгілі кәсіпкер. «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы және иесі.

Дереккөз Qsport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз