Суперкубок. Көрермен көз тіккен «ел-классика»

26

Алтайдан  Атырауға дейін,  Алатаудан Арқаға дейін созылған, ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпар тұяғы тозатын  кең байтақ қазақ даласында кезекті футбол маусымы шымылдығын түреді. Ішкі біріншіліктің тұсауын «Астана» мен «Қайрат» арасындағы суперкубок ойыны кеспек. Сыралғы қарсыластардың осымен төртінші жыл қатарынан кубок үшін таласта жолдары түйіспек. Екі рет Алматылық клуб жеңімпаз атанса, бір рет «Астана» кубокты арқалап кетті.

Жалпы, соңғы жылдары чемпионатта қос клубтың өзге командалардан дара шауып, мәреге үзеңгі қағыстырып келетінін көріп жүрміз. Оңтүстік астанамыздан шыққан команданың бірде бабы шаппай, бірде бағы келіспей «Астанадан» сынық сүйем қалып келетініне көзде үйренгендей. Соңғы екі жылда суперкубокті қоржынға басып, ел кубогін иеленген Алматылық клуб бұл жетістігіне қанағаттанып отырған жоқ. Маусым басталарда «чемпион боламыз» деп мақсат қоятын клуб, бұл жолы да баяғы әдетінен жаңылмады. Биылғы мотивация ерекше. Бір кездері «Барселонаның»  техникалық директоры болған маман Карлос Феррер «Астанадан» айламызды асырамыз деп «алақанын ысып» отыр. «Қайраттың» жанкүйерлері де өткен маусымда 12 кездесуінің барлығын жеңіліссіз өткізген бапкерден үлкен үміт күтіп отырғаны анық.  Тіпті оқу жаттығу ойындарында көрстекен төмен нәтижелеріне қарамастан Карлос Ферердің сұңғыла коуч деп санайды. Кім білсін, бәлкім сарыла күткен чемпиондыққа да жеткізер.

Жақында ғана Еуропаға сапарын аяқтап, «Спортингпен» терезесі тең ойын көрсеткен Астаналық ұжымға биылғы маусым оңай болмайын деп тұр. Әуелі қысқы ауыс түйіс кезіңде сұрмергенінен айырылған «Астана», күні кеше бас бапкерімен қош айтысты. Табаны күректей төрт жыл бойы Стойловтан білмегенін үйреніп, ассистенті болған Бабаян бас бапкер атанды. Енді маман ретінде өзін көрсету мүмкіндігі туып тұр. Бабаян чемпиондықтан айырылып қалса, жанкүйер қауым кешірмейтінін түсінеді. Әрі күн өткен сайын қарыстап емес қарыштап дамып келе жатқан клубтан Еуро додаларда жаңа жеңістер күтетіні де белгілі.

Ал, премьер-лиганың чемпиондығына талас суперкубоктің ойынынан бастау алады десек қате айтқандығымыз емес. Қос команда үшін маусымды сәтті бастау маңызды. Бұл матч суперкубоктан өзге сенімділік һәм ерік, жігер сарапқа салынатын тартыс болмақ. Қай жеңгенінің чемпиондыққа деген үміті ұлғая түсері анық. «Астана» өз алаңында «Қайраттан» басым түседі деп айту қиын. Алматыда өткен суперкубокке таластан бастап 4 ойын қатарынан «Астананың» «Қайратқа» әлі келмей жүр. Оның үшеуінде жеңіліс тапса, бір кездесуде тең есепті  ұстап қалған. Еуропа лигасында ел ордалық клубқа дән риза боп, өнеріне шапалақ ұратын жанкүйерлер, «Қайратқа» кетіп жүрген есенің қайтарына сенеді.

Жалпы, қос ұжым осыған дейін 34 матч өткізген. Оның 8 де тең нәтиже тіркелді. Бір қызығы қос команданың да жеңіс көрсеткіштері 13 тең. Қақпаға соғылған доптар айырмашылығы 45-43 Алматылық клубтың пайдасында.

Көрермен тағатсыздана күтетін ойындардың да бірі осы суперкубок кездесуі. Оған төмендегі статистика дәлел болмақ. Мысалы 2016 жылғы суперкубок үшін таласта стадионға жиналған көрерменнің қарасы 20 000  нан асып жығылған екен. Әзірге бұл рекорд болып тұр. Ал, ең төмен нәтиже «Тобыл» мен «Локомотив» арасындағы матчта тіркелген. «Астана-Аренаға» ойынды тамашалауға келгендер саны 4 100 құраған.

Халық арасында «ел-классикасы» деген атауға ие болып кеткен кездесу тартысқа толы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, суперкубок ойыны наурыздың 4 күні«Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты 15.00

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз