«Астана» басын тік көтерген қалпында Еуропаға жорығын аяқтады

19

Әне-міне дегенше Еуропа лигасының плэй-офф кезеңі аяқталды. Жозе Алваладе стадионында Лиссабондық Спортинг, елордалық Астананы қабылдаған болатын.  Бас бапкер Жезуш алғашқы матчтің қорытындысын қанағат тұтпаса керек. Бұл жолы Лиссабондықтардың негізгі шабуылшысы Бас Достта, үш маусым бойы Камп Ноу төрінде өнер көрсеткен Матьеде алаңға алғашқы минуттан бастап шықты. Ойын басталысымен Астана ойыншыларының есеп ашуға мүмкіндік болған алайда Твумасидің тепкен добы қақпа бағанасынан кері серпілді. Осы кезде сен соқпасаң саған соғады деген футбол қағидасы орын алғандай.  Жартылай қорғаушының асырған добына Баст Дост бірінші жетіп, Эричтен айласын асырып кетті. Алаң иелерінің голынан кейін ойын бәсеңдеп қалды. Ара тұра Астана ойыншылары Спортинг қорғанысының тамырын басып тұрды. Сондай сәттердің бірінде Деспотовичтің де добы қақпа бағанасынан кері серпілді. Бірінші таймның түгесілер тұсында Астананың кезекті шабуылдарының бірінде Хорватиялық Марин Томасов, Руй Патрисиу қорғаған қақпаның торын тулатты.  Голдан кейін біздің жігіттердің ойынына қан жүгіре бастады.  Алайда, қанша жерден есепті еселеуге тырысқанмен, алаң иелері оған мүмкіндік бермеді. Үзілістен кейін Жезус шәкірттері жинақы ойнап, Эрич қақпасын жиі мазалай бастады. Айналасы 9 минуттың ішінде Фернандеш дубль авторы атанып, таблодағы есепті 3-1 ге жеткізді. Фернандештің екінші добы соғылған соң, жерлестеріміздің ойыны жүре қоймады.  Астана ойыншыларының арасынан Томасов қана шабуыл мен қорғаныста бір кісідей білек сыбана ойнады. Ойынның 80-минутында Хорватиялық аяқдопшының берген пасынан кейін Патрик Твумаси есеп айырмасын қысқартты. Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосқан 3 минуттың соңғы секундары сырғып жатқанда Шомконың айып алаңыныңнын сыртынан бағыттаған соққысы есепті 3-3 ке жеткізді.

Міне, осылай Астананың Еуропаға жорығы аяқталды. Келесі кезеңге өте алмадық. Алайда жігіттерге тағар айып жоқ. Сырт алаңда Спортингпен терезесі тең ойын көрсетудің өзі тоғыз жылдық тарихы бар клуб үшін жеңіспен пара пар.

Спортинг – Астана 3 – 3

3′ Баст Дост (1:0) 37′ Марин Томасов (1:1) 53′ Бруно Фернандеш (2:1 )63′ Бруно Фернандеш (3:1) 80′ Патрик Твумаси (3:2) 90+ Дмитрий Шомко (3:3)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз