Жорже Жезуш: Астана кез-келген командаға лайықты қарсылық көрсете алатын ұжым

16

 

Еуропа лигасының ойындары аясында елордалық Астана Лиссабонның Спортингімен кездескен болатын. Матч 1-3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Матчтан кейін Спортингтің бас бапкері Жорже Жезуш журналистермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

– Екінші таймда мүлдем бөлек ойын өрнегін көрсеттіңіздер. Үзіліс арасында шәкірттеріңізге қандай ақыл кеңес бердіңіз?

– Лиссабонға жеңіспен қайтатынымызға қуаныштымын. Осыған дейін көптеген азулы командалар бұл жерден жеңіліс пен яки тең ойынды місе тұтып кеткенін білеміз. Ойынның алғашқы бөлігінде Астана біз ойлағаннанда жоғары қарқынмен бастады. Әсіресе оң қапталдағы шәкірттерімнің ойыны ақсап жатты. Үзіліс арасында ойыншыларға қалай ойнау керек екенін егжей тегжейлі түсіндірдім. Нәтижесінде екінші тайм біздің пайдамызға шешілді.

– Алғашқы таймда сүреңсіз ойнадыңыздар. Бұған басты фактор жасанды алаңба? Қалай түсіндіресіз?

– Жасанды алаң басты фактор демес едім. Алғашқы таймдағы бар қателік біздің ойынымызда. Астана жоғары деңгейде ойнады.  Бірақ жасанды алаң болғандықтан доптың жылдамдығына әсер ететінін жоққа шығара алмаймын. Алайда екінші таймның алдында жігіттерге ойын тактикасын өзгертуге нұсқау бердім.

– Порту Чемпиондар лигасы аясында Ливерпульден бес доп айырмасымен жеңіліс тапты. Ал, сіздер керісінше сырт алаңда жеңіске жеттіңіздер. Бұл алдағы ойындарға қаншалықты әсерін тигізуі мүмкін?

– Әлбетте Астана өз үйінде жоғары деңгейде өнер көрсететінін тағы бір қайталай кетейін. Бірақ бұл фактор оны Ливерпульмен салыстыруға негіз бола алмайды. Сырт алаңдағы жеңісіміз  бізге сөзсіз сенімділік сыйлайды.

– Коэнтрауды неліктен алмастырып жібердіңіз?

– Бұл жерде екі жағдайға назар аудару керек. Алдымен Думбияға келер болсақ, Сейду соңғы ойындарда  нәтижелі пастар шығарып, өзін жақсы қырынан танытып жүр. Бүгінде сол дәстүрден жаңылмай гол салды. Екінші атап өтетін мәселе біздің жоғары ойын өрнегін көрсетуімізге күш салып, бар жағдайды жасап жатқан клуб басшылығына алғысымызды айтамыз.  Коэнтрауға қайта оралсақ, байқағандарыңыздай біз үшін  алаң иелерінің оң жақ қапталынан қауіпті сәттер көп орын алып жатса, керісінше біздің сол жақ қапталдағы ойыншылар Астананың қақпашысын жиі әуреге салып отырды. Сол тұста Астананың шабуылын түбегейлі тұншықтыру үшін алаңда ойыншы алмастырдым.

– Астана Лиссабонда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтеді деген шындыққа жанаса қоймайды. Неде болса біздер үшін 1/8 финалдың ауылы алыс. Ұзақ жолды артта қалдырып, суық қалаға келдіңіз, жылдам гол жіберіп алдыңыздар. Жалпы Астана сапары сіз үшін несімен есте қалды?

– Атап айтар басты фактор бұл әрине жасанды алаң. Ауа-райына шағымымыз жоқ. Стадиондағы ауа-райы жылы.  Жасанды алаңнан басқасының бәрі тамаша. Стадионда барлық жағдай жасалған. Атмосфера керемет. Кез-келген команда  үшін қонақтағы ойын ауыр өтетіні түсінікті. Біз үшін де жеңіс оңай келген жоқ.

– Қалай ойлайсыз Астана бұдан да жоғары ойын өрнегін көрсетуі мүмкінбеді?  Қақпаларыңызға доп жіберіп алғанда ең бірінші қандай ой келді?

– Техникалық тұрғыдан команда жақсы дайындалған. Өзіне тән ерекше ойын өрнегі бар. Әсіресе оң қапталдағы ойыншыларды  өнерін ерекше атап өтуге болады. Осы қапталда өнер көрсететін Коэнтрау мен Пиччиниді біраз әбігерге салды.  Астана кез-келген қарсыласқа күтпеген жерден тосын сый жасай алатын команда.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта матч 23-Ақпан күні Лиссабон қаласында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз