«Астана» «Спортингтан» жеңілді

19

 УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» өз алаңында португалиялық «Спортингты» қабылдап, 1:3 есебімен жеңілді.

Алғашқы минуттарда «Астана» ойынды қарқынды бастады. 30 мың жанкүйер де қарап қалмай, «Астананы» алға сүйреді. Алғашқы гол көп күткізбеді. Жетінші минутта Шитов, Марин Томасовқа пас шығарды. Томасов «Спортинг» қақпашысы Патрисиуны қапы қалдырып, есепті ашты. 1:0.

Гол жіберген португалиялық клуб ойынды өздеріне қаратып алуға, тырысып бақты. Жалпы бірінші таймда шабуылдар жағынан «Астана» басым болды. Қонақтар тек допқа иелік етумен ғана басым болды.

Екінші тайм «Астана» футболшылары үшін мүлдем басқаша өтті. 46 минутта бас төреші алаң иелерінің қақпасына пенальти тағайындады. Бруно Фернандеш Эричтан айласын асырып, есепті теңестірді.

Үш минуттан соң «Спортинг» футболшылары сол қапталдан шабуылды бастады. Желсон Мартинш «Астананың» айып алаңынан табылып,есепті қонақтардың пайдасына жеткізді.

55 минутта Сейду Думбия есепті 1:3-ке жеткізіп, қонақтардын ойынын мүлдем өзгертті.  Ойынның кульминациясы 62 минутта орнады. Бас төреші «Астананың» орталық қорғаушысы Юрий Логвиненкоге екінші сары қағазын беріп, алаңнан босатқан болатын.

«Астанада» өткен кездесуден екі түрлі ой қалдыруға болады

Бірінші: екі түрлі екі тайм көрдік десек, еш қате болмас. Оған статистика да дәлел.

Бірінші таймда «Астана» футболшылары шабуылға қарқынмен барып, қақпаға 8 соққы жасады. Ал қонақтар 6 рет қақпаны нысанаға алды.

Екінші: екінші тайм толықтай «Спортинг» футболшыларының басымдылығымен өтті. Допқа иелік етуден де, қақпаға соққы жасау жағынан да…

«Астананың» өкінішіне, екінші таймда бір рет болсын қақпаны дәл нысанаға алу мүмкіндігі болмады. Ал қонақтар, 10 рет Эричтың қақпасына соққы жасап, алты рет дәл нысанаға алған болатын.

Допқа иелік етуден де қонақтар басым болды. Екінші таймда 31% – 69%. Бірінші таймда 45% – 55% Статистика да қуантпайды.

Жауапты кездесу 23 ақпан күні Лиссабонда өтеді. «Астана» футболшылары жеңіске жету үшін, ең кемінде 3:0 есебімен қонақта жеңуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз