«Спортинг» «Астанадан» бірнеше есе қымбат. Ойын алдындағы 5 дерек

12

УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында  «Астана» өз алаңында «Спортинг» клубын қабылдайды.  Германияның белгілі transfermarkt.de сайтының есептеуі бойынша, португалиялық клубтың бағасы «Астанадан» бірнеше есе көп.  Ойын алдындағы деректерді ұсынайық.

  1. «Спортинг» клубының ең қымбат ойыншысы-Желсон Мартинш. Оның бағасын неміс сайты 30 миллион еуроға бағалап отыр.
  2. Екінші орында Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Вильям Карвалью. Бұл футболшы  25 миллион еуроға бағаланған.
  3. «Астана» футболшыларын барлығын қосқанда, жалпы құны 19,9 миллион еуроны құрайды. Ал «Спортинг» клубының барлық ойыншылары 195,5 миллион еуро тұрады. Футболда әрқашан ақша шеше бермейтіндігін ескерейік.
  4. 15 ақпан күні Португалия құрамасының және «Спортинг» клубының негізгі қақпашысы Руи Патрисиу 30 ға толды. Дәл бүгінгі ойынға тұспа-тұс келген мейрамды, «Астана» футболшылары басқаша өткізуге тырысады.
  5. «Астана» клубының ең қымбат ойыншыларының бағасы, «Спортинг» клубының ең арзан футболшыларымен тең немесе одан сәл жоғары. Патрик Твумаси және Дмитрий Шомконың бағасын, неміс сайты 2 миллион еуроға бағалап отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз