Станимир Стоилов: «Бенфикамен» салыстырғанда, «Спортингпен» ауыр кездесу күтіп тұр

7

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов 15 ақпанда «Спортингке» қарсы болатын кездесу алдында  журналистер сұрағына жауап берген болатын.

-Біріншіден, қазақ футбол жанкүйерлерін еуромаусымның оралуымен құттықтаймын. ОАЭ-де өткізген оқу жаттығу жиынында жақсы дайындалдық. Ертең өз алаңымызда жақсы ойын көрсетуге тырысамыз.  «Спортингтың» фаворит екендігі түсінікті. Қарсыласатарымыз жоғарғы деңгейдегі клуб. Біз әрқашан қарсыластарымызға сыйластықпен қараймыз. Бірақ, ешқандай клубтан қорықпаймыз. Бар күшімізді саламыз.

Алдыңғы маусымда жарақаттың кесірінен біраз ойыншылар болмады.  Жарақат алған футболшылар бар ма. Одан бөлек Граховацтың клубтан кетуі жайлы айтып өтсеңіз…

-Мен әрқашан футболшыларыма ризамын деп толық айталамын. Құрамда ойыншылар толық емес. Юрий Перцухта тізімде жоқ. Алексей Щеткин  да жарақаты бар. Серікжан Мұжықовта дисквалификация. Қысқы трансфер маусымында күшейдік деп те айта алмаймын. Егер, Граховац жайлы айтсам, легионерлерге лимит болғасын оған клубтан кетуге тура келді.

2015 жылы сіздер «Бенфикамен» ойнаған болатынсыздар. «Спортингпен»  болатын кездесу «Бенфикаға» қарағанда қиынға түседі деп ойлайсыз ба?

-Біз «Бенфикамен»  кездесекенде біз де, олар да жақсы ойын көрсетіп жүрдік. «Спортинг» соңғы екі-үш жылда өздерінің деңгейін жақсылап көтеріп алды. Меніңше, бізге «Бенфикадан» да ауыр кездесу күтіп тұр.

«Спортингтың» негізгі футболшысын және мықты тұстарын атап өте аласыз ба?

-«Спортингта» мықты ойыншылар жиналған. Кез-келген ойыншы ойын тағдырын шешіп кете алады. Негізі олардың қақпашыларын атап өткім келеді. Аз гол жібереді, кейде пенальтиден ғана. «Спортингта» шабуылда да, қорғаныста да жақсы футболшылар жиналған.

Қағаз жүзінде «Спортинг» бұл ойында фаворит. Психологиялық тұрғыдан «Астана» футболшыларына бұл әсер етеді ме? 

-Біз әрқашан әдемі ойын көрсетуге тырысып, үздік ойындарымыздың бірін көрсету үшін барымызды саламыз. Біздің пайдамызда өз алаңымыз және жанкүйерлер. Екі жыл бұрын «Бенфикаға» қарсы өткен кездесуден де жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенем.

Жуниор Кабананга ең маңызды ойындардың алдында кетіп қалды. Сіз оның орнына жаңа ойыншы келуін ұсындыңыз ба? «Астананың» шабуылдағы ойыны қаншалықты өзгереді?

-Мен осыған дейін де ол жайлы айтқан болатынмын. Трансфер маусымы 31 қаңтарда жабылды. Ертеңгі ойында қалай ойнайтынымызды көреміз. Бұл жөнінде айтқым келмейд

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз