«Cпортинг» командасының бас бапкері: Финалға дейін жетуге тырысамыз

16

“Астана” және “Спортинг” арасындағы кездесу алдында қарсылас команданың бас бапкері Жорже Жезуш журналистерге сұхбат беріп, алдағы ойынға қатысты пікірімен бөлісті.

– Соңғы кездері әр 3-4 күн сайын бір матч өткізіп тұрсыздар. Күнтізбеге көңіліңіз толадыма?

– Қайырлы кеш!  Біз жағдайды қалай бар, солай қабылдаймыз. Басқа амалымыз жоқ. Еуропа лигасы бұл біз үшін маңызды сынақтардың бірі және аталмыш турнирға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Қарсыластарымыз қауіпті әрі өз алаңында сауатты ойнайды. Біз осыған дейін ешқашан жасанды алаңда ойнап көрмедік. Бұл біздің алғашқы жаттығуымыз және қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге тырысамыз.

– Сіздің командаңыз осыған дейін екі мәрте Еуропа лигасының финалында доп тепті. Биылғы жылға қандай мақсат қойып отырсыз?

– Португалияда әлеуеті бізбен шамалас 3-4 команда бар екенін білесіздер. Клуб басшылығының қамқорлығының арқасында біздің өкілдеріміз стадионды көріп, тұрақтайтын орындарымызды дайындап қойды. Соның арқасында алаңсыз дайындалу үшін, бір күн бұрын жеттік. Мезгілінен бұрын сөйлемейін, алдағы әр ойындарға жекелей, тыңғылықты дайындалып, жеңіске жететін боламыз.

 

– Рафаэль мен Матье жайында не айтасыз? Олар неліктен Астанаға келмеді?

– Біз маңызды ойыншыларымыздың  жасанды алаңда жарақат алып қалуынан қауіптендік.  Менің құзырымда болса жасанды алаңға мүлдем тиым салар едім. Табиғи алаң мен жасанды алаңның айырмашылығы жер мен көктей. Бұл футболшылардың өміріне қауіпті. Алайда бұл жердегі ауа-райы табиғи алаңға қолайсыз екеніне куә болдық.

– Байқағанымыздай сіздердің мақсаттарыңыз ішкі біріншілікте чемпион атану. Алайда “Порту” чемпиондықты бере салайын деп тұрған жоқ. Сіздер үшін чемпионат пен еурокубоктың қайсысы маңыздырақ?

– Иә, басты мақсат чемпионатты жеңу. Бірақ қарсыластарда соңына дейін күресетіні анық. Ал, Еуропа лигасында финалға дейін жетуге тырысамыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз