Иван Маевский: Әр футболшының өзінің міндеті бар. Ертең жақсы ойын көрсетуге тырысамыз

17

«Астана» және «Спортинг» арасындағы ойын алдында баспасөз мәслихатында «Астананың» жартылай қорғаушысы журналистердің сұрағына жауап берген болатын.

Иван Маевский:

-Дайындық жоспармен өтті. Оқу жаттығу жиынында дайындалуға барлық жағдай жасалды. Стандартты режимде дайындалық. Барлық Астана халқы бұл ойынды күтуде. Себебі, плей-офф кезеңіне шыққан алғашқыларымыз. Жақсы ойын көрсетуге барымызды саламыз.

Журналист: –Иван, сіз «Селтикпен» өткен кездесуге баспасөзге келген болатынсыз. Бұл сәттілік үшін жасалып жатыр деп ойлайсыз ба?

Иван Маевский:

-Әр ойын жеке бір тарих болып есептеледі. Осы жерде сәттілік жайлы айтқан дұрыс емес шығар. «Спортингпен» өтетін ойынның орны ерекше. Әркімнің өзінің алаңдағы тапсырмасы бар. Барлығы да барын салып ойнау қажет. Бұл сәттілік деп ойламаймын.

Журналист: -«Астанада» жаңа ойыншы бар. Орталық алаңда ойнайтын Бейсебеков те бар. Клубта бәсекелестік сезілуде ме?

Иван Маевский: -Бәсекелестіктің болғаны жақсы. Қазіргі уақытта футболда олсыз болмайды. Бәсекелестік болмаса, футболшы да дами алмайды. Әр футболшы бұрынғыдан да жақсылап дайындалу керек екенін біледі.

Журналист: -Португалия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Вильям Карвальюға қарсы арнайы дайындық болды ма?

Иван Маевский: -Футбол команда болып ойнайтын ойын. Әр футболшының өзінің міндеті және тапсырмасы болады. Арнайы дайындалдық деп айта алмаймын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз