“Ювентус” өз алаңында “Тоттенхэммен” тең түсті

17
www.ua-football.com/

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Ювентус» өз алаңында ағылшындық «Тоттенхэм» клубымен кездесті. Алғашқы ойын 2:2 есебімен тең нәтижемен аяқталды.

Алғашқы минутта «Тоттенхэм» футболшылары күтпеген нәтижеге тап болды. Кездесудің небәрі екінші минутында, Игуаин әріптесі Пьяничтың пасынан кейін гол соғып, есепті ашты.

Екінші гол көп күттірмеді. Бас төреші «Тоттенхэм» қақпасына пенальти берді. Гонсало Игуаин мүлт кетпеді. Кездесудің тоғызыншы минутында есеп 2:0.

35 минутта Деле Алли Харри Кейнге керемет пас шығарды. Кейн Буффонмен бірге-бір шығып, есепті қысқартты. 2:1.

Бірінші таймның соңғы минутында қонақтардың қақпасына екінші рет пенальти орындалды. Қайтадан Гонсало Игуаин теуіп, хет-трик жасауға тырысты. Бірақ, пенальтиден аргентиналық шабуылшы гол соға алмады.

Екінші таймда ойын мүлдем басқаша болды. «Тоттенхэм» футболшылары ойынның тағдыры әлі шешілмегендігін көрсетті. 71-минутта Кристиан Эриксен  айып соққысын орындаған болатын. 22 метрден жасаған соққысын Буффон қайтара алмады. Есеп 2:2.

Жауапты кездесу Лондонда 7 наурыз күні өтеді. Егер, Англиядағы кездесу 0:0 немесе 1:1 есебімен аяқталса, ширек финалға «Тоттенхэм» клубы шығады. Себебі, қонақта соғылған гол басымдылыққа ие.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз