«Мен оралам» Әділбек Жақсыбеков ҚФФ президенті болып қайта сайланды.

21

Астанада Футбол федерациясының кезектен тыс жиыны болып өтті. Кездесудің нәтижесі бойынша Әділбек Жақсыбеков бір ауыздан президент болып сайланды. Естеріңізге сала кетейік КФФ ның бұрыңғы президенті Сейілда Байшақов отставкаға кеткен болатын.

Әділбек Жақсыбеков бұл салада тәжірибесіз емес. Осыған дейін 2007-2014 жылдар аралығында федерацияға басшылық еткен болатын. Алайда Жақсыбеков мырза басшы болған жеті жылда аяқдопшыларымыз ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетпеді.

Айта кетер бір жәйіт Әділбек Жақсыбеков осыған дейін жеңіл атлетика федерациясының тізгін деп жүрген, енді оған футбол қосылды.

ҚФФ баспасөз қызметі айтуы бойынша Конференцияға қатысушыларға Жақсыбеков мырзаның әр түрлі мемлекеттік қызметтерді атқара алатынын алға тартқан әрі бұл салада бұған дейін қызмет жасағаны түрткі болған. Сонымен жаңа президентке елдегі ала доптың тағдыры төрт жылға сеніп тапсырылды.

Өз кезегінде Жақсыбеков мырзада қатысушыларға алғыс білдірді.

«Құрметті достар, қатысушылар!  Сенім білдіргендеріңізге рақмет. Ал футболдың  басқа спорт түрлерінен қай жағынан алып қарамасақта көш ілгері екені түсінікті. Мен басқаратын жеңіл атлетика мен салыстырып қарасаңызда айырмашылығы жер мен көктей. Жеңіс пен жеңіліске көзқарастарда әр түрлі мұнда. Бір, екі мәрте мерейің үстем болса сені басына көтеретін жанкүйерлер, бір жеңілістен кейін құздан лақтырып жібердей наразы болуы мүмкін. Себебі біз боп, халық боп футболдан көп үміт күтеміз. Мен алғаш президент болған жылдар дәл қазіргідей инфраструктура болған жоқ. Ішкі чемпионаттағы бәсекелестікте артты. Оны шет елдің баспасөз беттерінің біздің футболдың айналасындағы әңгімесінен аңғаруға болады.

Біздің балалық шағымызда қазіргідей мүмкіндіктер болмады. Қазір заман басқа. Әр аймақта балалар орталықтары жұмыс істеп тұр. Бапкерлеріміз арнайы білім алып, біліктіліктерін шыңдауда. Әрине бас ауыртар мәселерде жоқ емес. Басты мәселе құрамамыз біз күткен ойын өрнегін көрсетпей жүр.  Мен өз басым Бородюктің бапкер болғанын қаламадым. Ол Қайратты баптаған тұста біліктілігінің таяздығы байқалды. Менің есімде бір жылдары бапкерлікке Аллегриді алдыртқымыз келген. Алайда оның жалақысы біздегі қос клубтың бюджетімен пара-пар болатын.

Әрине бапкерлерді  бөле жара  қарауымызға болмайды. Бородюкте, Красножанда, Шторкта шама шарқынша біздегі футболдың дамуына үлес қосты. Шторктың тұсында жеңілстен көз ашпасақта, неміс маманы Венгрияны Еуропа чемпионатына алып шықты. Бізге ішкі чемпионатты дамытуымыз қажет. Сонда ғана ұлттық құрама жейдесіне таласар оғландарымыз шығары анық.»

Жалпы Жақсыбеков президент болған жылдары  кеуде соғар бір жетістігіміз алғаш рет Шахтердің Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуы еді. Ал ұлттық құрамамыз Жақсыбековтың тұсында барлығы 60 ойын өткізіп, 12 ойында жеңіп, 37 ойында жеңілсе, 11 рет алаңнан тең  есеппен тарқасқан. Соғылған голдар  саны 60. Тиісінше  қақпашыларымыз 122 мәрте қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болған. Қысқаша осы.

Бізде өз атымыздан жаңа басшыға табыс тілеп, есімі ел футболында алтын әріппен жазылардай сүбелі үлес қоссын деген аманат жүктедік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз