«Реал» «ПСЖ». Кездесу алдындағы пікірлер

22
Daily Mail

14 ақпан күні УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында  «Реал»  «ПСЖ» клубымен кездеседі. Осы кездесу алдында бас бапкер және футболшылар пікірі қандай?

МАКСВЕЛЛ

-Алдымызда екі жоғары деңгейдегі ойындар бар.  Біздің жанкүйерлеріміз осындай кездесулерді ұнатады. Өткен маусымда біз өз алаңымызда «Барселонаны» жеңдік. Әрине, алдағы ойын біздің клуб үшін оңай болмасы анық. Бірақ, менің ойымша, біз оған дайынбыз.  

ХАМЕС РОДРИГЕС 

Колумбиялық футболшы Зидан шәкірттері ширек финалға шығу керек деп санайды.

 -«Реал» сәтсіз кезеңді бастан өткерді, бірақ маусым өте ұзақ. Сондықтан корольдік клуб жағдайды әлі өзгерте алады. Менің ойымша, «Реал» келесі кезеңге өтеді. «ПСЖ»   оңай қарсылас емес, бірақ Чемпиондар лигасында корольдік клуб басқаша ойнайды.  

 

ЮПП ХАЙНКЕС

-Меніңше «Реал» фаворит. Мадридтік клубты менсінбеудің қажеті жоқ. Ла Лигада қандай қиын жағдай болмасын, париждік клубты өтуі тиіс. Мен бұл сөздерді өз тәжірибемнен өткізгесін айтып отырмын.

 

УНАИ ЭМЕРИ

Біз «Реалға» қарсы тең дәрежеде ойнай аламыз. Егер, Чемпиондар лигасын жеңгіміз келсе,  мықты қарсыластарды жеңу керек. «ПСЖ» испандық клубты өте алатына сенімдімін. 

 

НЕЙМАР

-«Реал» қандай қиын жағдайда болмасын, ең керекті кездерде бар күшін салып, ойнай алады. Олардың Чемпиондар лигасындағы ойыны қандай екенін, айтпасақ та болады. Бұл ойында фаворит жоқ.

 

СЕРХИО РАМОС

Испания чемпионатында «Барселонадан» тым артта қалдық. Бұл маусым ойдағыдай болып жатқан жоқ. Бар үмітіміз тек Чемпиондар лигасында қалды. Бұл турнирді үшінші жыл қатарынан жеңіп, тарихта қалсақ дейміз.

 

КРИШТИАНУ РОНАЛДУ

-Чемпиондар Лигасын жеңсек, маусымды сәтті аяқтадық десек болады.  Жеке өз басым бұл ойында бар күшімді салам. 

 

                                                        uefa.com, soccer.ru, championat.com, goal.com 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз