АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА БАСКЕТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

10

 

Жексенбі, ақпанның 11-і күні Алматыда жоғары оқу орындары  студенттері арасында баскетболдан жарыс өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында «Нархоз» университетінің спорт кешенінде өткізіледі. Оның басты мақсаты ЖОО студенттері арасындағы үздік командаларды анықтап, баскетбол спорт түрін дамыту болып саналады. Жарыстың  басталу уақыты 09:00-де.

Регламентке сәйкес әр командада 10 ұл және 10 қыз болуы тиіс. Баскетбол додасына  тек   Алматы қаласының ЖОО студенттері қатыса алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медалдар, диплом және ұйымдастырушылардың  атынан сыйлықтар табысталады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз