ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ГОНКОНГТЕН 3:0 ЕСЕБІМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

8

Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан теннистен Федерация Кубогы Азия/Мұхит елдері I тобының алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасы «А» тобының алғашқы белдесуін Гонконгке қарсы өткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жеке ойында еліміздің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 55-орында тұрған Зарина Дияс, гонконгтік қарсыласы Хо-Чинг Вуды (1123) 6:3, 6:1 есебімен, ал әлемнің 81-ракеткасы Путинцева Кван Яу Нгты (966) 6:1, 6:0 есебімен еш қиындықсыз жеңді.

Соңғы жұптық белдесуде, Дияс/Путинцева жұбы қарсыластары Чонг Э.Вонг/Чжан Лин жұбын 6:1, 6:3 есебімен басым түсіп, Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен Гонгокты жеңді.

Айта кетерлігі, Азия және Океания аймағының І тобы ішіндегі «А» тобында Қазақстан, Гонконг құрамаларынан тыс Қытай және Үндістан командалары бақ сынап жатыр. Алғашқы кездесуде Қытай құрамасы 2:1 есебімен Үндістанды қапы қалдырды.

Қазақстан 8 ақпан күні Үндістанмен, ал 9 ақпан күні Қытай құрамасымен жарыс жолына шығады.

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз