ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

33

1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында КСРО баскетболшылары (ерлер ) жеңімпаз атанған. Олар финалда жеңіліп көрмеген АҚШ құрамасын  51:50 есебімен жеңген. Олимпиада чемпионы атанған КСРО құрамасында жалғыз қазақ болғанын бірі білсе, бір білмейді. Ол, Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Әлжан Мүсірбекұлы Жар­мұ­ха­медов 1944 жылы 2-қазанда Оң­түс­тік Қазақстан облы­сының КСРО кезіндегі Бостандық ауданында , Та­бақ­сай ауылында дү­ние­ге келген.

Ор­та­лық ойыншы міндетін ат­қа­рған Әлжан Мүсірбекұлы, 1967 жылы кеңестік құрама еуропалық біріншілікте чемпион болады. Оның ең үлкен жетістігі 1972 жылы Мюнхенде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Алтын медаль алуы.

     финалдағы ойыншылар тізімі

Даулы финал жайлы талай деректі фильм түсірілген, әлем шулаған. 2017 жылы 28-желтоқсанда «Движение вверх» атты фильм көрерменге жол тартты. Кино дәл осы 1972 жылғы КСРО-ның баскетболдан Олимпиада чемпионы болуы жайлы түсірілген. Фильмде Әлжан Жармұхамедовтың рөлін ресейлік актер Александр Ряполов сомдаған. Әлжан Жармұхамедов даулы финалда ең ұзақ ойнаған ойыншы. 40 минуттың 36 минутында ойнап, әр таймда екі минуттан демалған. Оның лақап аты «Түркістан жыланы», бойының ұзындығы 207 см және ол құрамадағы ең бойшаң ойыншы болған.  Міне, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы жайлы аз-кем мәлімет.

 

 

Дереккөз: oninfo.kz

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз