Шыңғыс Есенаманов: Испаниямен кездесіп, кек қайтарғым келеді

12
prosports.kz

Қазақстан футзал құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Сербияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Ойыннан кейін құрама ойыншысы Шыңғыс Есенаманов өз ойымен бөлісті.        

  1. Шыңғыс, жеңістеріңізбен құттықтаймын! Ал енді, бүгінгі ойын жайлы ойыңызды айтып өтсеңіз…

Кездесу тартысты өтті. Ең бастысы жанкүйерлер үшін жақсы ойын болды деген ойдамын. Алғашқы минуттар да, біз де, олар да, гол соғуға көп мүмкіндіктерге ие болдық.

  1. Бірінші таймда гол салғаннан кейін көбінесе қорғаныста ойнаған сияқтысыздар… Бас бапкер есепті ашып, алға шыққаннан кейін қандай нұсқаулар берді?

Бас бапкер ерекше нұсқаулар берген жоқ. Ойын алдында біз беске төрт тактикасымен көп дайындық жүргіздік. Қарсыласымыздың қорғанысын бұзуға тырыстық. Бірінші голдан кейін есепті еске алмай, екінші голды салуға барымызды салған болатынбыз.  

  1. Жартылай финалда Испания немесе Украинамен кездесесіздер. Қарсыластарыңыздың ойынын қаншалықты жақсы білесіз?

Біз қос құраманы да білеміз. Украинамен Киевте жолдастық кездесу өткіздік. Испания жайлы айтсам осыған дейін қанша ойнасақ та, барлық кездесуде жеңілдік. Жеке өз басым Испаниямен кездескім келеді. Себебі, кек қайтаратын уақыт келді.

  1. Соңғы минуттарда қорғаныста қаншалықты қиын болды. Осындай жағдайға арнайы дайындалдыңыздар ма?

Иә, соңғы минуттарда бізге қиын болды. Себебі, Сербия беске төрт тактикасымен шабуылға шықты. Бізге қорғаныста ойнау қалды. Өкінішке орай, бір гол жіберіп алдық. Әрине, ол біз үшін жақсы емес. Сондай қиын сәтте, Дуглас үшінші голды соғып, ойын нүктесін қойды.  

Сұхбатыңызға рахмет. Сіздерге алдағы ойында тек жеңіс тілейміз!

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз