МАНСАБЫН ҚҰРТҚАН МАХАББАТ

12

Белгілі бір футбол командасына жанкүйер болу яғни, махаббатпен жақсы көру бұл айтып жеткізілмес сезім. Кішкентайыңнан ойынын көріп өскен командаң қашанда ыстық болады. Ал, футболшы болсаң бұл сезімдер екі есе еселене түседі. Өйткені, сенде үлгі тұтатын футболшыларың секілді жақсы көретін командаңда ойнағың келеді және ол үшін қолыңнан келгенінің барлығын жасайсың. Бірі бар сынаққа шыдап, команда аңызы атанса, біріне клубы мүмкіндік бермей ешкімге керек емес адамдай командадан кетеді. Менің айтпақшы футболшым екінші түрге жатады…

Жерар Деулофеу… 9 жасында «Барселона» академиясына ілініп, футболшы мансабын бастайды. Атышулы «Ламасияның» түлегі өзінің үлгі тұтарлары секілді бірінші команда негізгі құрамында жасындай жарқылдағысы келіп, балалық арманын орындағысы келді. 2010/2011 жылғы футбол маусымынан бастап, «Барселона Б» қатарына қосылған испаниялық өзінің не үшін «Ламасия» түлегі атанып жүргендігін дәлелдеді. Бірақ, испаниялық жас жұлдызды бірінші командаға алуға ешкім құлшынбады. Өйткені, бұл кезде каталондықтар бұрынғыдай жастармен жұмыс жасауды ұмыт қылған болатын. Алайда, осы оқиғадан 4-5 жыл бұрын «Барселона» бүкіл әлемге керемет академиясының таллантты жұлдыздарымен мақтанатын.

Командадағы ойын позициясы үшін үлкен бәсекелесті көріп Деулофеу басқа клубта жаңа тыныс ашып, тәжірбие жинағысы келді. Өйткені, бала арманы «Барселона» сапында ойнау. Сөйтіп жүріп, 2013/2014 жылы ливерпульдық «Эвертон» сапын арендаға толықтырды. Одан кейін, «Севильяға да» бір жылдық арендаға барып келген соң, бойынан талантты байқаған ағылшындық «Эвертон» Жерарды сатып алуға бел буады және шешіммен қателеспейді. Алдағы ливерпульдық команда да өткен 2 жылда испаниялық бойындағы барлық қасиетін ашып, Ағылшын премьер-лигасының басты жұлдыздарының біріне айналды.

Қателігін түсінген «Барселона» Деулофеуді қайта өз командасында көргісі келді. Өз позициясының мықтысы атанып үлгерген ойыншыны қатарына қосу қай-қай команда үшін күшею еді. Каталондық клуб трансферге ұсыныс жасап, Деулофеуге шешім қабылдау керек болды. Балалық арманы мен «каталондық клубқа» деген махаббаты Жерарды Барселона қаласына қайта алып келді. Негізгі құрамға да үкілеген үміт бар-тын. Арманындағы командадан өзін көрсетуге мүмкіндік аларына қатты қуанышты болды. Бірақ, ыстық махаббат бұл жолы Деулофеумен тағы да ойын ойнамақ болып шешті…

«Барселонадағы» «MSN» үштігі жалғыз Жерарға емес, бүкіл каталондық клуб академиясындағы жас жеткіншектерге жолды жауып тастады. Өйткені, бұндай алыптардан негізгі құрамдағы орынға таласу мәнсіздік еді. Ойын практикасын ала алмайтынын білген «Ламасия» түлектері біртіндеп кете бастады. Мунир, Сандро, Рафинья… Бар амалы таусылған Деуде клуб басшылығынан оны трансферге қоюын сұрайды. Көп команда испаниялықты қатарынан көргісі келгендіктен толық трансфер жасағысы келсе де, «Барселона» әр қадамын аңдап баса бастады. Сөйтіп, Жерар 2016/2017 жылғы маусымның қысқы трансферлік терезесінде италияндық команда «Милан» сапын толықтырады.

 

Деулофеу «Миланға» келген күннен бастап-ақ клуб тактикасын бірден түсініп алды. Сол кездегі италияндық клуб бас бапкері Винченцо Монтелла испаниялыққа үлкен сенім артты. Ойыны дағдарысқа ұшырап, «Серие А» да ортаңғы орындарда келе жатқан команда өз алдына қалай да «Еуропа Лигасына» жолдама алу керек деп мақсат қойды. Дебюттік ойынын Италия кубогінде «Ювентуске» қарсы өткізіп, «Миланға» не үшін келгендігін көрсетті. Ары қарай, маусым жалғасып, Деулофеуде өзінің үздік екенін дәлелдей берді. Сөйтіп, футбол маусымы аяқталып, Деулофеу ойыншылардың үздігі атанып ал, «Милан» болса діттеген «Еуропа Лигасына» деген жолдамаға қол жеткізді. Келесі жылы Еуропа ареналарында өнер көрсететінін білген «Милан» Жерар секілді мықты ойыншыны жібергісі келмеді. Аренда аяқталысымен «Барселонаға» трансфер жөнінде ұсыныс жасады. Бастапқы да Деулофеу қарсы болмағанымен, кейін Неймарды «ПСЖ-ға» жіберіп қойған «Барселона бразилиялық орнына ойыншы таба алмаған соң, испаниялыққа мүмкіндік береміз деп уәде етті.

«Үміт ең соңғы өледі» дейді ғой. Клуб басшылығының сөзіне сеніп, Италиядағы жақсы жалақыдан бас тартып, «Барселонаға» болашағын байланыстырып келді. Басында, «каталондық клуб» уәдесін орындаған сынды Деуды негізгі құрамға шығарып жүрді. Бірақ, «Барселонаға» деген маxаббаты тағы да Деуды арманымен далаға тастап кетті. Өйткені, 105 миллиондық Дембелені қатарына қосқан клуб, үлкен қаржыға алған ойыншыны қосалқы құрамға отырғызбасын білді. Сонда да, берілмеген Жерардың үміті қысқы трансферлік терезе де бір жолаға үзілді. Неге десеңіз?, қысқы трансфер кезінде 160 миллион еуроға «Барселона» қатарын «Ливерпуль» жұлдызы Коутиньо толықтырды…

Істерге шарасы қалмаған Деу трансфер талап етті. Жерар секілді керемет ойыншыны қатарына қосқысы келгендер көп болды. Италияның «Интер», «Наполи» секілді азулы клубтары испаниялық талантты өз командасынан көргісі келді әрине. Бірақ, алдыңғы оқиға қайталанарын біліп сақтанған «Барселона» оны арендаға «АПЛ»-дың ортаң қол клубы «Уотфордқа» жіберді. Деулофеудің махаббаты бұғанда келістірді. Ағылшын премьер-лигасына біраз жылдан соң қайта оралған Деулофеу өз ісіне кірісіп кетті. Ақпанның 6-сы күні өткен АПЛ аясындағы 26 турда «Челсиді» қабылдаған «Уотфорд», Контенің командасын тас-талқан қылды. (4:1) есебінің тіркелуіне Жерар гол мен 11 метірлік айып добын алып беріп көмектесті…

Каталондық клубқа деген махаббаты футболшы мансабын құртқанына қарамастан Деулофеу әлі де «Барселона» сапында ойнауды армандайды. «Уотфордтың» ресми сайтына берген сұхбаты бұны айқын дәлелдейді. Міне, дәл осылай Деудің махаббаты мансабын құртып келеді.  Бірақ, Жерар не бәрі 23 жаста. Оның футболшы мансабы мен жетер жетістігі әлі алда. Тағдырдың Деулофеумен ойыны енді тағы қашанға дейін жалғасады екен? Уақыт көрсетеді. Күтейік…

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз