ЖАНКҮЙЕРЛЕР КӨТЕРІЛІСІН БАСУ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ТРАНСФЕР

4

Жанкүйер футбол ойынының бір бөлшегі. Жанкүйердің жалынды махаббаты мен ыстық қолдауынсыз футбол ойыны ештеңеге де тұрмайды. Сол үшінде, алдыңғы қатарлы клубтар өз жанкүйерлері үшін жақсы жағдай жасап, көңілдерін табуға тырысады. Кейде, өз қолдаушыларының қуанышы үшін тәуекелге барады.

Дәл сондай оқиғаның біреуі 2017 жылдың жазғы трансферлік терезе кезінде көпті шулатып, бразилиялық жарық жұлдыз Неймардың Барселонаны Парижге алмастырған сәтінде орын алды. 222 миллион еуроға «ПСЖ» сапын толықтырған Ней «әлемдегі ең қымбат ойыншы» атағын ғана емес, «ең үлкен жалақы» алатын ойыншы атанды. Бұл трансфер шыны керек, тек каталондық жанкүйерлерді ғана емес жалпы, футбол жанкүйерлерін шулатты. «MSN» үштігінің белді мүшесін жоғалтқан «Барселона» шарасыз қалды. Команда президенті Жозеп Бартомеу жанкүйерлер ойынша дұрыс трансферлік саясат жүргізбеді деп айыпталынды. Өйткені, бұдан бұрында команда сапын толықтырған Пако Алькасер, Томас Вермален, Алейш Видаль және Андре Гомеш секілді ойыншылар «Барселона» деңгейіндегі ойынды көрсете алмады. Оған қоса, алдыңғы Еуропа командаларының қорғаушыларын әлекке салар трио да тарап кетті. Сондықтан, жанкүйерлер Бартомеудің команда президенті орнын босатқаны жөн болады деген ойда болды.

Шыныменде, сылбыр трансферлік саясат жанкүйерлер титығына әбден тиіп бітті. Президенттік орны дауға түскен Бартомеу тез арада шешім қабылдауды жөн көрді. Неймардың трансферінен түскен қаржыға бразилиялықтың орнын жоқтатпайтын, өз позициясының мықтысын табуды ойлады. Оған қоса, каталондық клуб бапкер ауыстырып, жаңаша ойын стильіне көшкен кезеңі болатын. «Барселона» жанкүйерлері президентті кешірудің тек бір ғана жолы бар деп есептеді. Ол, техникасы мықты бразилиялықты дәл сондай бразилиялыққа ауыстыру немесе Ливерпуль сапындағы жұлдыз Коутиноны сатып алу. Бірақ, «Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопптың басқа жоспарлары болатын. Одан басқа, Испания чемпионатындағы басты қарсыластарының бірі «Атлетико» ойыншысы Гризманғада қызықты. Мадридтік «Атлетико» жаттықтырушысы Диего Симеоне бұл трансферді құптамады. Осылайша, сағы сынған Бартомеу істерге шара таппады…

Похожее изображение

Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан демекші, Бартомеу жаңаша қулыққа басып, жолы болды. 2017 жылғы Бундеслига маусымындағы үздік асистенттерінің бірі әрі жас жұлдыз Усман Дембелені уысына түсірді. Өзіне каталондық клубтың қызығушылығын білген Усман «Боруссия Дортмундтен» кетуге бар амалын жасады. Сөйтіп, тамыздың 25-і күні Бартомеудің қулығы да, Усманның қалауы да орындалды. Трансфер құны 105 миллион еуроны құраған болатын. Футбол жанкүйерлерінің ойында тек бір ғана сұрақ болды. «НЕ ҮШІН?». Ал, Бартомеу қулығын, жоғалтқан нәрсенің орнын басатын, әрі болашақты бағамдайтын трансфер деп түсіндірді. Және бұл сөздерге жанкүйерлер қауымы сенген болатын. Өйткені, жоғалған 222 миллион тұратын гауһар тасты ұмыттыратын алданыш керек еді…

Сөйтіп, өзін футбол жанкүйерімін деп есептейтін әрбір жан Усман Дембеленің «Барселона» жейдесіндегі және каталондық кароль Месси мен уругвайлық сұрмерген Суарезпен бірлескен ойынын көруге асықты. Франция чемпионаты мен Германия чемпионатында жасындай жарқылдаған Дембеле «Барселона» ойынына жаңа серпіліс әкеледі деп сенгендерде көп болды. Алайда, 105 миллиондық француз өзімен бірге тек жаңа серпіліс қана емес, жарақатты да қоса алып келіпті.

9 қаңтар күні көптен күткен дебютте орын алды. «Эспаньолға»қарсы ойынның 2 жартысында алаңнан көрінген француз дебюттық ойынында сұрмерген Суарезге голдық пас жасады. Ал, каталондықтар қарсыласын (5:0) есебімен ойсырата жеңді. Бұл, матчтан кейін пікірлер өзгеріп, барлығы қуанышты болатын. Бірақ, бұл бастамасы ғана еді…

Жаңа серпіліс жаңа жарақатқа айналды. Испания чемпионаты төңірегінде өткен «Хетафеге» қарсы ойында Усман жарақат алып, командасын көп мерзімге тастап кетті. Біраз уақыт өтіп жарақатынан айыққан Дембеле Испания чемпионатының 19 турында «Реал Соседадқа» қарсы матчта тағы жарақат алды. Сөйтіп, француз 6 ай уақыт ішінде тек 8 ойын өткізіп, 2 голдық пас берген. 105 миллиондық ойыншы үшін жаман емес көрсеткіш…

«Барселона» Испания чемпионатының лидері, Чемпиондар Лигасы мен Кароль кубогінде нық қадам басып келеді және қысқы трансферлік терезеде Коутиньоны қатарына қосып сапалы трансфер жасады. Жанкүйерлер де Бартомеу де бақытты. Дәл осылай, Бартомеудің қулығы іске асты. Тек, қулық өте қымбатқа түсті. Неймардың орнын басады деп жасалған трансфер шын мәнінде жанкүйерлер көтерілісін басу үшін жасалған болып шықты. Мүмкін, сол кезде Дембелені «Барселона» қатарына қосып, жанкүйерлерін тынышталдырмағанда қазір Бартомеудің орнында жаңа президент көрер ме едік? Кім білсін? Ал, сіздер қалай ойлайсыздар?

Картинки по запросу dembele

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз