ЕРТЕГІНІҢ СОҢЫ БАҚЫТТЫ АЯҚТАЛА БЕРМЕЙДІ…

5

Біз білетіндей, ертегілер аяғында бақытты болып бітеді. Былайша айтқанда, көп ертегінің соңы «happy and» пен аяқталады.

2016 жылдың қаңтар айында ертегі басталған болатын. «Реал Мадрид» командасының президенті Флорентино Перес, команданы жеңіс тұғырына шығара алмаған испаниялық бапкер Бенитестің орнына, сол кездегі «Реал Кастилльяның» бапкері, клуб аңызы Зинедин Зиданды қойған болатын.  Бұл жаңалық басында футбол әлемі үшін миға қонымсыз болды. Өйткені, француз бапкерлік мансабында айтулы жетістіктерге жетпеген болатын. Ал, бәріміз білетіндей президент Перес ең үздіктерді алғысы келеді.

Бірақ, бәрі ертегіге тән жақсы жалғасты. 2016-2017 жылғы маусым қортындысы бойынша Зидан жаттықтырған «Реал Мадрид» Чемпиондар Лигасын алды. Финалдық бәсеке де керемет тактик әрі бапкер Симеоненің «Атлетикосымен» күш сынасып, негізгі уақыт пен қосалқы таймда (1:1) есебімен тең түсіп, пенальтиден (5:3) есебімен тізе бүктірді. Италияның Милан қаласында алған бұл  ай құлақты трофей Зидан есімін тарихқа алтын әріппен жазды. Өйткені, бұл кубокті иемденген алғашқы француз атанып, және Мадридтік командаға «унидесима», былайша айтқанда 11-ші Чемпиондар Лигасы кубогін сыйлады.

2017 жылда «Реал Мадрид» пен Зидан үшін өте сәтті болды. Көңілі қалаған трофейлердің бәрін иемденді. Уефа Суперкубогі, Клубтық әлем чемпионаты, Ла Лига және Уефа Чемпиондар Лигасын жеңді. Испания чемпионатында 3 ұпайға «Барселонаны» артқа тастап, Мадридке көптен күткен Испания чемпиондығын сыйлады. Ал, Еуропаның үздік командасы атағы үшін туриндік «Ювентус» командасымен бақ сынасып, (4:1) есебімен тас талқан қылды. Дәл осылай, Зидан армандаған асуларын алып, тарихта атын алтын әріппен қалдырған болатын. Алайда, ертегі соңы жақсы аяқтала бермейді…

2018 жылғы футбол маусымына жаңа серпіліспен аяқ басқан Зиданның «Реалы» кедергілерден сүріне бастады. Француз командасынан белді ойыншыларын жіберіп қойғанына қарамастан, жаңа ойыншыларға толықпады. Маусымнан Мадридтік жанкүйерлер көп үміт күтті. Өкінішке орай, Зинедин артылған үмітті ақтай алмай келеді. Испания чемпионатында басты қарсыласы «Барселонадан» 19 ұпайға қалып келеді. Алдына «Атлетико», «Валенсия» секілді командаларды жіберген «Реал» Ла Лига да 39 ұпаймен 4 орынға тұрақтап тұр. Испания кубогінде 1/4 финалдық ойындарынан аса алмай, аутсайдер «Леганеске» өз жолын беріп қойды. Егерде француз осы қарқынмен жалғастыра беретін болса, соңы жақсы аяқталмауы мүмкін. Өйткені, тек жеңіске жеткісі келетін команда президенті Перес клуб аңыздарынада жәй адамдай қарайды.  Маусымды құтқару үшін Зиданға Чемпиондар Лигасын жеңу керек. Алайда, бұлда мүмкін еместей көрінеді. Азулылар мен алыптардың мекені Чемпиондар Лигасындағы Реалдың қарсыласы Неймар бастаған «ПСЖ». Бұдан басқа, Гвардиоланың құбыжығы «Манчестер Сити», Мауриньоның автобусы «Манчестер Юнайтед», Вальерденің жеңіліссіз машинасы «Барселона», Юп Хайнкестің батырлары «Бавария» бар… Айтылған командалармен салыстырғанда Зиданның «Реал Мадриді» қауқарсыз көрінеді. Сондықтан, «Мадридтік Реал мен Зинедин Зиданның» керемет ертегісі маусым соңында аяқталуы әбден ықтимал. Таңғажайып тылсымдармен басталған ертегіміз бақытты аяқталмайтыны өкінішті-ақ… Маусым соңын күтіп, бұл ертегінің нүктесі қалай қойылатынын бірге бақылайық.

Картинки по запросу зинедин зидан слезы

Дереккөз Dodasport.kz

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз