“Арсеналдың” лидері ауысып, нәтижесі де өзгерді

23
football.ua
football.ua

Арсенал қысқы трансфер маусымында шабуыл шебін өзгертті. Канонирлердің лидері болған Алексис Санчес «Манчестер Юнайтедке», Оливье Жиру Челсиге, Тео Уолкотт «Эвертонге» кетті.  Олардың орнына Жозе Моуриньюға керек болмаған Генрих Мхитарян, оған қоса «Боруссиядан» Обамеянг келді.

Мхитарян және Обамеянгтың алғашқы ойыны

Мхитарян “Суонсиға” қарсы қосалқы құрамнан бастаған болатын. Екінші таймда Ивобидің орнына кіріп, алғашқы ойынын өткізді. Арсеналдың өкінішіне, сырт алаңдағы кездесу 1:3 есебімен аяқталды.

Келесі турда “Эвертонмен” Мхитарян және Обамеянг  алғашқы минуттан бастап шықты. Қонақтардың шабуылында Тео Уолкотт бұрыңғы әріптестеріне қарсы шыққанын да айтып кетейік.

«Боруссияда» Обамеянг және Мхитарян бір-бірінің ойынын жақсы түсінетін. Сол тандэм «Арсеналда» жалғасын тапқан сияқты. 5:1 есебімен аяқталған ойында Мхитарян  Рэмзиге екеу, ал Боруссияда бірге жарқыраған Обамеянгке, бір нәтижелі пас берген болатын. 2013 жылдан бері, бір ойында ешкім үш голдық пас бермеген болатын.

Ағылшын премьер лигасында «Арсенал» алтыншы орында. Бірақ, бұл канонир басшылары және жанкүйерлерінің күтіп отырған нәтиже емес. Егер, бұл маусымда Арсен Венгер екінші жыл қатарынан клубты Чемпиондар лигасыз қалдыратын болса, бас бапкерліктен кетуі әбден мүмкін.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді жазыңыз